World Boxing қатарына тағы бес мемлекет қосылды
World Boxing (Дүниежүзілік бокс ұйымы) өз қатарына тағы бес жаңа ұлттық федерацияның қабылданғанын хабарлады.
Ұйым таратқан ресми ақпаратқа сәйкес, мүше елдердің тізімі төмендегідей толықты:
- Босния және Герцеговина
- Грузия
- Индонезия
- Румыния
- Тринидад және Тобаго
Осылайша, World Boxing ұйымының жалпы мүше елдер саны 111-ге жетті.