Дүниежүзілік жеңіл атлетика қауымдастығы (World Athletics) ресейлік спортшылардың халықаралық жарыстарға қатысу үшін бейтарап мәртебесін ұзартты.
Дүниежүзілік жеңіл атлетика кеңесі қараша айының соңында ұйымдағы ARAF (Бүкілресейлік жеңіл атлетика федерациясы) мүшелігін тоқтату мерзімін ұзартты. Алайда ресейлік тараптың құқықтарын қалпына келтіру жөніндегі жұмыс тобы ARAF мәртебесін 2023 жылдың наурыз айында қалпына келтіруді ұсынған.
«Ресей жеңіл атлетика федерациясының 2023 жылға бейтарап мәртебесін беру туралы өтінішіне Дүниежүзілік жеңіл атлетика өкілдері бейтарап мәртебе алу процесі Дүниежүзілік жеңіл атлетика кеңесі басқа шешім қабылдағанға дейін жалғасады деп жауап берді. 2022 жылға бейтарап мәртебесі бар спортшылар жарысты жалғастыра алады», - делінген хабарламада.
Кеңейтілген тізімдегі 50 спортшы әрбір халықаралық стартқа жазбаша түрде ARAF рұқсатын алуы керек екені атап өтілген.
2015 жылдың қарашасында ARAF допинг дауына байланысты Дүниежүзілік жеңіл атлетика (ол кезде – IAAF) мүшелігінен уақытша айырылған болатын. Қауымдастық ARAF-тың қатысуын тоқтатуды бірнеше рет ұзартқан еді.