Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
WBC Альварес – Головкин жекпе-жегі үшін арнайы белбеу әзірледі
11:45 / 2022-09-09

Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес арасындағы жекпе-жекке арналған арнайы чемпиондық белбеу әзірледі.

«Бүгін біз Мексиканың Оаксака штатындағы үздік қолөнершілері жасаған Ягуар белбеу ретінде белгілі Запотек белдеуін таныстырамыз», - делінген WBC әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде.

Геннадий Головкин мен Сауль Альварес үшінші рет жұдырықтасады. Бірінші жекпе-жекте тең есеп тіркеліп, боксшылар өз титулдарын сақтап қалған. Екінші жекпе-жекте «Канело» төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Головкин мен Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек қыркүйектің 17-нен 18-іне қараған түні Лас-Вегаста өтеді. Боксшылар супер орта салмақта абсолютті әлем чемпионы атағын біріктіру жекпе-жегін өткізеді.