WBA және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы болған боксшыға автокөлік пен пәтер берілді
Небәрі 25 жасында екі тұжырым бойынша әлем чемпионы болған Муроджанды бүгін Ташкентке қайтып келді
АҚШ-тың Майами штатында өткен WBA Super және IBF тұжырымы бойынша жекпе-жекте өзбекстандық боксшы Муроджан Ахмадалиев америкалық Даниель Романды төрелшілердің шешімімен ұпай саны бойынша жеңіп әлем чемпионы атанған еді.
Өзбек боксы тарихында алғаш рет орын алған бұл жағдайға Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтің өзі арнайы Муроджанға құттықтау жолдап, оған «Өзбекстан мақтанышы» құрметті атағын беру жайлы қаулы етті.
Небәрі 25 жасында екі тұжырым бойынша әлем чемпионы болған Муроджанды бүгін Ташкентте марапаттау рәсімі өтіп, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов «Өзбекстан мақтанышы» құрметті атағын боксшыға табыстап, Президенттің сыйлығы ретінде Chevrolet Tracker автокөлігі мен Ташкент қаласынан үш бөлмелі пәтер сыйлады.