Автоөндіруші Volvo Car AB Швецияда шамамен 1,3 мың кеңсе қызметкерін жұмыстан шығаруды жоспарлап отыр.
Бұл осы елдегі компания қызметкерлерінің шамамен 6 пайызын құрайды, делінген Volvo Car мәлімдемесінде.
Бұл қадам шығындар мен ресурстар тиімділігін оңтайландыру жоспарының бөлігі болып табылады.
Бұл қадам шығындар мен ресурстар тиімділігін оңтайландыру жоспарының бөлігі болып табылады.
«Өткен жылы біз бастаған шығындарды азайту шаралары кейбір негізгі бағыттар бойынша нәтиже бере бастады. Дегенмен, бізге көп нәрсе істеу керек екені анық. Қолайсыз экономикалық факторлар, шикізат бағасының өсуі және бәсекелестіктің күшеюі біздің сала үшін әлі біраз уақыт проблема болып қалуы мүмкін», - деген компанияның бас атқарушы директоры Джим Роуэн.
2022 жылдың желтоқсан айындағы жағдай бойынша Volvo Car компаниясында қызметкерлер саны әлем бойынша шамамен 43,2 мыңды құраған.
Бейсенбі күнгі саудада автокөлік өндірушінің акциялары 4 пайызға төмендеді.