Volkswagen автокөлік зауыты тек электромобильдер шығаруға бейімделді
Германияның Цвиккау қаласындағы Volkswagen автозауыты іштен жанатын қозғалтқышы бар автомобильдерді шығаруды тоқтатып, әлемде алғаш тек электромобильдер шығаруға бейімделді.
Әзірге бірде-бір іштен жанатын қозғалтқышты автокөлік өндіруші мұны жасаған жоқ. Әдетте, электромобильдер жаңадан салынған зауыттарда шығарылады.
Volkswagen компаниясының хабарлауынша, зауытты бейімдеу үшін 1,2 млрд еуро жұмсалған. Зауыт жылына 300 мың электромобиль шығаруға қауқарлы және онда Audi Q4 e-tron және Q4 e-tron Sportback, Cupra Born және ID.3, ID.4 және ID.5 электромобильдері шығару жоспарланған..