Волейболдан Орталық Азия чемпионаты аяқталды
Волейбол бойынша Орталық Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жеңіске жетті.
15-24 тамыз аралығында Ферғанадағы «Само» спорт кешенінде өткен аймақтық чемпионаттың ерлер мен әйелдер арасындағы сайыстарда Қазақстан құрамасына тең келер қарсылас табылмады.
Ерлер арасындағы финал кездесуінде Қазақстандық волейболшылар Қырғызстан құрамасын 3:0 есебімен жеңіп бас жүлдеге қол жеткізді. Әйелдер арасындағы финалда Өзбекстан құрамасы 3:1 есебімен Қазақстан құрамасына есе жіберді.
Осылайша волейболдан Орталық Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы алтын медалға ие болды.
Ерлер сайысы:
- 1-орын Қазақстан
- 2-орын Қырғызстан
- 3-орын Өзбекстан
Әйелдер сайысы:
- 1-орын Қазақстан
- 2-орын Өзбекстан
- 3-орын Қырғызстан
