Волейболдан әлем чемпионаты Ташкентте өтеді
Халықаралық волейбол федерациясы 2025 жылы әр жас санаты арасында өтетін әлем чемпионаттарының күнтізбесін жариялады.
Ондағы ақпаратқа сай, 19 жасқа дейінгі ұлдар арасындағы әлем чемпионатын Ташкент қаласы қабылдайтын болды, ал осы жас тобындағы қыздар арасындағы әлем чемпионаты Сербияның Белград қаласында өтеді.
Еске сала кетсек, Ташкентте өтетін әлем чемпионаты 24 шілде мен 3 тамыз аралығында ұйымдастырылады. Оған 24 ұлттық команда қатыспақ.
Өзбекстанның жас волейболшылар командасы Аргентина, Бельгия, Пуэрто-Рико, Пәкістан және Түркия командаларымен «А» тобында өнер көрсететін болады.