Волейбол: Өзбекстанда алғаш рет өткен U-19 әлем чемпионаты аяқталды
24 шілдеде Ташкентте бастау алып, әлемнің ең мықты командаларын бір алаңға жинаған волейболдан жасөспірімдер арасындағы U-19 әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.
Финалдық кездесуде қазіргі чемпион Франция құрамасы Польша командасын 3:1 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атағын тағы да қорғап қалды. Қола медаль үшін өткен тартысты бәсекеде Испания құрамасы Иранды 3:2 есебімен тізе бүктірді.
Чемпионаттың марапаттау рәсімінде Өзбекстан волейбол федерациясы, Спорт министрлігі және Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылары жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, турнирдің жоғары деңгейде өткенін атап өтті.