Во Ван Тхыонг Вьетнамның жаңа президенті болды
Вьетнамның жаңа президенті болып Вьетнам Коммунистік партиясы (CPV) Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі Во Ван Тхыонг сайланды.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оның кандидатурасын бейсенбі күні елдің Ұлттық ассамблеясы (парламент) мақұлдаған және мемлекет басшысы болып бекітілгеннен кейін Во Ван Тхыонг ант берген.
53 жастағы Во Ван Тхыонгтың кандидатурасы бірауыздан мақұлданып, ол Вьетнамның саяси тарихындағы ең жас президент болды.
Елдің бұрынғы президенті Нгуен Суан Фук мемлекет басшысы қызметімен қоса, 17 қаңтарда Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Орталық Комитеті мен Саяси Бюросының мүшелігінен де кетті.