Владимир Зеленский: Украин ғалымдары жасап жатқан коронавирустық вакцина ерекше
Украинаның президенті Владимир Зеленский ел телеарналарына берген сұхбатында украин ғалымдары жасап жатқан коронавирустық ерекше вакцина жайлы сөз айтты
Украинаның президенті Владимир Зеленский ел телеарналарына берген сұхбатында украин ғалымдары жасап жатқан коронавирустық ерекше вакцина жайлы сөз айтты.
«Қазір мен бәрін ашып айта алмаймын, өйткені әлі клиникалық зерттеулер жүргізу керек. Бұл пафос немесе популизм емес. Бұл қайталанбас, өйткені ол басқалардың өніміне ұқсамайды. Бізде материалдар бар, зерттеу жүргізілді, бірақ қазірше адамдарда қолданылмады, ол жасалды», - деді Украина президенті.
Зеленскийдің айтуынша украин ғалымдары жасаған вакцина клиникалық сынақтан сәтті өтсе оны өз бойында тексеруге дайын екенін қосымша етіп, бірақ оның нақты қай кезде дайын болатыны белгісіз екенін және егерде бұл вакцина дайын болғанша басқа бір елде коронавирусқа қарсы үздік вакцина табылса Украина оны сатып алады деп айтқан.