Ресейдің Санкт-Петербург қаласында дәстүрлі Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы өтуде. Бұл беделді конференцияға әлемнің көптеген елдерінен әріптестеріміз – тәжірибелі медиа-сарапшылар мен журналистер де қатысуда.
Шара аясында 5 маусым күні РФ Президенті Владимир Путин әлемнің жетекші ақпарат агенттіктерінің басшыларымен кездесті. Ашық сұрақ-жауап, әңгіме-пікірталас кездесуге Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігінің бас директоры Абдусаид Кучимов та қатысты.
Іс-шарада Ресейден ТАСС, АҚШ-тан «Associated Press», Ұлыбританиядан «Reuters», Германиядан «Deutsche Presse-Agentur - DPA», Қытайдан «Синьхуа», Франциядан «France-Press», сондай-ақ Жапония, Иран, Испания , Италия, Түркия, Корея, Беларусь, Қазақстан, Әзірбайжанның жетекші ресми ақпараттық агенттіктерінің басшылары қатысты.
Маңызды халықаралық оқиғаларға, ішкі және сыртқы саясатқа қатысты сындарлы диалог пен пікірталасқа толы өткен кездесуде, Ресей-Украина қақтығысы ауқымды талқыланды. Яғни, қатысушылардың көпшілігі осы мәселеге қатысты пікірлерін нақтылағысы келді. В.Путин сондай-ақ Израиль-Палестина қақтығысына, АҚШ-та өтетін президенттік сайлауға, Ресейдің Еуропалық Одақ, Орталық Азия, Кавказ, Корей түбегі, сондай-ақ Беларусь, Иран, КХДР, Жапониямен ерекше қарым-қатынасына қатысты сұрақтарға жауап берді.

Өзбекстан Ұлттық ақпарат агенттігінің бас директоры Абдусаид Кучимов Ресей Президенті мен оның әріптестерінің назарын кейбір елдер мен аймақтар арасында қақтығыстар болып жатқан күрделі кезеңде көпшіліктің назарынан тыс қалып жатқан Ауғанстан мәселесіне аударды,
– Владимир Владимирович, жақында Ташкентте Президент Шавкат Мирзиёевпен болған келіссөздер барысында өзекті халықаралық мәселелер жөнінде пікір алмастыңыз. Өзбекстан үшін көрші Ауғанстандағы бейбітшілік пен тұрақтылық өте маңызды. Өкінішке орай, біздің байқауымызша, Украинада болып жатқан оқиғалар ауған мәселесін жаһандық күн тәртібінен толығымен ығыстырып тастады. Дегенмен, Ауғанстанның жаңа басшыларымен өзара ынтымақтастық орнату, еңбекқор ауған халқына әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге көмектесу объективті қажеттілік бар. Бұған қоса, Ауғанстанның жаңа үкіметі, яғни «Талибан» елде бейбітшілік орнатуға және барлық елдермен сындарлы ынтымақтастық жасауға бел байлағанын көріп келеміз. Менің сұрағым осыған байланысты.
-Ресей Федерациясы үшін Ауғанстанмен байланысты сақтау қаншалықты маңызды? Қазіргі уақытта Ресей саясатында ауғандық тенденция маңызды рөл атқара ма? Ал осы елдегі үдерістерге көзқарасыңыз қандай?
- В.Путин: Біріншіден, Өзбекстанға сапарымыздың аса маңызды және жемісті болды. Біз бүгінге дейін ешкіммен мұндай диалог жасағанемеспіз. Яғни, Президент Мирзиёевтің бастамасы мен ұсынысы бойынша біз үлкен үкіметтік делегациямен Өзбекстанға бардық, осы ретте облыс басшыларымен кездесулер өткіздік. Нәтижесінде Ресей үкіметінің жартысы және РФ облыстары басшыларының едәуір бөлігі Ташкентте болды. Біздің кейбір облыстардың басшылары тіпті РФ Үкіметінің жаңарған басшылығымен тікелей байланыста болды. Жағдай қызықты әрі өте пайдалы болды. Бұл тіпті мен үшін күтпеген жағдай.
Екіншіден, біз Украина мәселесін талқыладық. Президент Мирзиёев, әрине, бұл қақтығыстың бейбіт жолмен шешілуін жақтап, Өзбекстанның Украинадағы оқиғаларға алаңдап отырғанын бірнеше рет мәлімдеген. Осы ретте біз Президенттен бұл тұрғыдағы еліңіздің саясаты бейтарап әрі жан-жақты ойластырылғандығы ризашылығымызды білдіреміз.
Ауғанстанға мәселесіне келетін болсақ, біз бұл туралы көп сөйлескенбіз. Өзбекстанның алдында тұрған мәселе дүние жүзіндегі мұхиттар мен теңіздерге шығу екені түсінікті. Осыған байланысты әртүрлі нұсқалар бар. Мысалы, Ауғанстан аумағы арқылы құбыр көлігі, теміржол және автомобиль көлігі, энергия тасымалдайтын көліктер, электр энергиясы сияқты логистиканың әртүрлі нысандарын дамыту. Осыған байланысты, Ауғанстандағы тұрақтылық Өзбекстан үшін де, біз үшін де өте маңызды. Біз әрқашан осы тұрғыдан шынайы жағдайды жақтаймыз: Ауғанстандағы билікті Талибан бақылайды және, әрине, Біріккен Ұлттар Ұйымы деңгейіндегі барлық келісімдер, соның ішінде Ауғанстандағы барлық этностардың қатысуымен инклюзивті билік орындалуы керек. Бұл нәзік және өте маңызды мәселе. Талибан үкіметімен байланыс орнату қажет. Жалпы, байланыстарымыз бар. Ауғанстан да осыны дамытып жатқанын білемін. Біз бұдан кейін де ілгерілей береміз, көрші елмен қарым-қатынасты қалай да жақсартуымыз керек. Өзбекстанның бұл елмен шекарасы ұзақ болғандықтан, қауіпсіздікті қамтамасыз ету керек, тағы да айтамын, логистиканы дамыту керек. Біз бұл мәселеде міндетті түрде жұмыстарды жалғастырамыз, мүмкіндіктерді зерттейміз деп келістік», - деді Ресей басшысы.
Петербург халықаралық экономикалық форумы жалғасуда.
ӨзА