Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Владимир Путин ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Самарқандқа келді
10:28 / 2022-09-15

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтің шақыруымен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Шанхай ынтымақтастық ұйымының Самарқанд қаласындағы саммитіне қатысу үшін Өзбекстанға сапармен келді.

Самарқанд халықаралық әуежайында мәртебелі мейманды Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

[gallery-8787]

Өзбекстан мен Ресей басшыларының келіссөздерінің күн тәртібінде стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланады. Сонымен қатар, Мемлекет басшылары халықаралық және өңірлік маңызы бар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады.

Президент Владимир Путин ШЫҰ Мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысы іс-шараларына қатысады.

А.МУСАЕВ,
ӨзА