Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Владимир Путин Шавкат Мирзияевті сайлаудағы жеңісімен құттықтады
15:05 / 2021-10-25

Ресей Президенті Владимир Путин Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияевпен телефон арқылы сөйлесті.

«Телефон арқылы сөйлесу кезінде Владимир Путин Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевті президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен шын жүректен құттықтады», - делінген Кремль сайтында.

Тараптар Ресей-Өзбекстан стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қарым-қатынасының барлық салаларын жан-жақты дамытуға бейілділігін қуаттады.

Сонымен қатар Ресей басшысы, Шавкат Мирзияевке құттықтау жеделхатын жолдаған.