Ресей Федерациясы президенті Владимир Путин коронавирусқа қарсы вакцина салғызды.
Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың мәлімдеуінше, «Путинге коронавирусқа қарсы вакцина егілді, ол өзін жақсы сезінуде. Ертең президент үшін толық жұмыс күн», - деген.
Ресми Кремль президенттің Ресейдің үш вакцинасының қайсысын таңдағанын нақтыламаған. Песков бұған дейін, Кремль президенттің қай екпемен вакцинацияланатынын әдейі көрсетпейді және «Ресейдің үш вакцинасы да толықтай сенімді және тиімді» деп айтқан еді.
Ресей басшысына вакцина салу процесі басқа елдердегі кейбір саясаткерлер сияқты көпшілікке арналған оқиға болған жоқ. Өйткені осыған дейін Путин коронавирусқа қарсы вакцинация процесінің көпшілік алдында көрсетілуін қаламайтыны хабарланған болатын. Жағдайға түсініктеме берген Песков Путин камера алдында вакцина алғанды ұнатпайтыны, айтқан.
Қазіргі кезде Ресейде жасалған «Спутник V» вакцинасының тиімділігі жоғары бағаланып әлемнің көптеген елдерінде адамдар осы вакцинаны алуда.