2022 жылғы 2 тамызда Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. Владимир Норов «Өзбекстан-Әзербайжан-Түркия» диалог форматының бірінші отырысына қатысу үшін Ташкентке келген Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлумен кездесті.
Кездесу барысында, Өзбекстан-Түркия қарым-қатынастары қазіргі кезеңде жоғары өсу қарқынын көрсетіп отыр және екі ел басшыларының табандылығы мен сенімді қарым-қатынасы арқасында жаңа практикалық мазмұнмен байып отырғаны айтылды.
Өзара сауда көлемін ұлғайту, экономиканың түрлі салаларында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, мәдени-гуманитарлық және туристік алмасуларды кеңейту бойынша жоғары деңгейдегі келісімдерді жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.
Өзбекстан мен Түркияның халықаралық институттар аясындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екені атап өтілді.
Әлемдегі және аймақтағы жағдай туралы пікір алмасылды. Түрік делегациясы Ташкентте өткен Ауғанстан жөніндегі конференцияның нәтижелерін жоғары бағалады. Екі жақтың да Ауғанстан бағытындағы күш-жігерді үйлестіруді жалғастыруға және бұл елге гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екені сөз болды.
М.Чавушоглу Ташкент қаласында сыртқы саясат, сауда, экономика және көлік салаларына жауапты министрлік басшыларының қатысуымен «Өзбекстан-Әзербайжан-Түркия» диалогының бірінші отырысының маңызы зор екенін атап өтті.
Жоспарланған екіжақты және көпжақты іс-шаралар, соның ішінде Самарқандта өтетін Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне дайындықтың ұйымдастырушылық аспектілері қарастырылды.