Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Владимир Норов Пәкістан елшісін қабылдады
09:43 / 2022-06-17

Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Владимир Норов Пәкістан Ислам Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саййид Али Асад Гиланиді қабылдады.

СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде тараптар Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы өзара байланысты нығайтуда маңызды рөл атқаратын Өзбекстан-Пәкістан стратегиялық серіктестігінің оң даму қарқынын атап өтті.

Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру жайы талқыланған жүздесуде, тараптар 2022 жылдың 28-29 шілдесінде Ташкентте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысу үшін Пәкістан Сыртқы істер министрінің алдағы Өзбекстанға сапары туралы пікір алмасты.

https://cdn3.mfa.uz/2022/06/16/12/19/photo_2022-06-16_17-16-50_G_KRTa9M0y_low.jpg

Өзбекстан мен Пәкістанның халықаралық аренадағы, атап айтқанда, БҰҰ, ШЫҰ, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы және Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы аясындағы күш-жігерін үйлестіруді жалғастыруға келісілді.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларына, атап айтқанда, екі ел арасында қол қойылған транзиттік және преференциялық сауда туралы келісім шеңберіндегі келісімдерге ерекше назар аударылды. Тараптар екіжақты тауар айналымын 1 миллиард долларға дейін ұлғайту жөніндегі міндеттемелерін қуаттады.

Мәдени-гуманитарлық алмасу саласындағы байланыстарды кеңейту қажеттігі өзара мақұлданды.