Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Владимир Норов пен Мевлүт Чавушоғлу телефон арқылы сөйлесті
09:08 / 2022-07-05

2022 жыл 4 шілде күні Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Владимир Норов Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлумен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу басында М.Чавушоглу Өзбекстанның Қарақалпақстан Республикасында тыныштықты, қауіпсіздікті және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, осы аймақтың тұрақты дамуын барлық жағынан қолдау мақсатында Өзбекстан тарапынан қабылданып жатқан қатаң шараларды қолдайтынын айтты.

Өзбекстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі кездесулерде қол жеткізілген келісімдердің дер кезінде және толық жүзеге асырылуының маңыздылығы атап өтілді.

Жоспарланған екіжақты және көпжақты іс-шаралардың ұйымдастырушылық және мазмұндық аспектілері қарастырылды. Соның ішінде Ташкентте өтуі жоспарланған сыртқы саясат, экономика және көлік мәселелеріне жауапты ведомство басшылары деңгейіндегі «Өзбекстан-Әзербайжан-Түркия» үшжақты кездесуіне дайындық барысы талқыланды, делінген СІМ хабарында.