2022 жыл 4 тамызда Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. Владимир Норов Парсы шығанағы Араб елдері ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Наиф әл-Хаджрафпен кездесті.
СІМ дерегінше, кездесуде Өзбекстан мен Парсы шығанағы Араб мемлекеттері Ынтымақтастық Кеңесі және оған мүше елдер арасындағы қарым-қатынастар соңғы жылдары айтарлықтай жанданып, жаңа практикалық мазмұнмен байығаны атап өтілді.
2021 жылы қол қойылған Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Парсы шығанағы елдері ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшылығы арасындағы өзара консультациялар механизмі туралы өзара түсіністік туралы меморандумы аясында, бұрын қол жеткізілген келісімдерді іске асыру барысы қаралды.
Н.Хаджраф Парсы шығанағы араб елдерінің ынтымақтастық кеңесі Өзбекстанды аймақтағы негізгі елдердің бірі деп санайтынын және елде жүзеге асырылып жатқан реформаларды жоғары бағалайтынын атап өтті. Кеңес Өзбекстанмен ынтымақтастықта орасан зор әлеуетті тиімдірек пайдалану және тараптарды қызықтыратын барлық салаларда қарым-қатынас орнату үшін шаралар қабылдауға дайын екендігі айтылған.
Сондай-ақ, алдағы іс-шаралар кестесі туралы пікір алмасылды. Екі аймақ арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға қызмет ететін «Орталық Азия – Парсы шығанағы араб мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесінің» стратегиялық диалогының биылғы бірінші отырысын дайындауға ерекше назар аударылды.
Халықаралық және аймақтық мәселелер, соның ішінде Ауғанстандағы жағдай талқыланды. Парсы шығанағы Араб мемлекеттері Ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы жақында Ташкентте өткен Ауғанстан бойынша халықаралық конференцияның қорытындысына оң баға берген. Өзбекстанның осы елге әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық көмек көрсету бойынша жүргізіп жатқан практикалық жұмыстарының маңыздылығы атап өтілді.