2022 жыл 24 маусымда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Владимир Норов Иран Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Хасан Каземи Кумиді қабылдады.
СІМ дерегінше, кездесуде тараптар Ауғанстандағы жағдай жөнінде пікір алмасты. Өзбекстан-Иран ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен болашағы, сондай-ақ екі елдің Ауғанстан бойынша ынтымақтастығын талқыланды.
Сонымен қатар дипломаттар Ауғанстанды қақтығыстардан кейінгі қалпына келтіру, бауырлас ауған халқына гуманитарлық көмек көрсету және оны аймақтық үдерістерге тарту мәселелері бойынша сындарлы диалогты жалғастыруға дайын екендігі атап өтілді.
Иран тарапы 2022 жылдың шілдесінде Ташкентте өтетін Ауғанстан бойынша халықаралық конференцияға қатысатынын растады.
Кездесу барысында Өзбекстан мен Иран Ауғанстандағы инфрақұрылым, көлік және энергетикалық жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударды.
Келіссөздерге Өзбекстан Президентінің Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Исматилла Иргашев қатысты.