Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Владимир Норов ЕҚЫҰ-ның аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарын қабылдады
16:36 / 2022-08-01

2022 жылғы 1 тамызда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Владимир Норов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Қайрат Абдрахмановты қабылдады.

Өзбекстан СІМ мәліметінше, кездесуде тараптар соңғы жылдары Өзбекстанның ЕҚЫҰ және оның институттарымен ынтымақтастығы айтарлықтай артып, сапа жағынан жаңа деңгейге көтерілгенін атап өткен.

Жоғарғы Комиссар Өзбекстандағы ұлтаралық келісім мен толеранттылықты қамтамасыз ету, шет елдермен мәдени-ағартушылық байланыстарды кеңейту саясатын жоғары бағалады. Әсіресе, Өзбекстанның Орталық Азиядағы тату көршілік саясаты аймақтағы халықтар мен ұттар арасындағы достық пен өзара ынтымақты нығайтуда оң рөл атқарып отырғаны ерекше атап өтілді.

Қ.Абдрахманов Өзбекстанда барлық ұлттар мен халықтар өкілдерінің білім алуына, еңбек етуіне, шығармашылық қабілеті мен әлеуетін көрсетуіне барлық қажетті жағдай жасалғанын атап өтті. Ол қоғамда этносаралық келісім мен діни толеранттылық ортасын нығайту Жаңа Өзбекстанның 2022-2026 жылдарға арналған Даму стратегиясын жүзеге асырудың басым мақсаттарының бірі ретінде белгіленгенін құптады.

Тараптар барлық мәселелер бойынша өзара тиімді қарым-қатынастарды дәйекті түрде дамытуға дайын екендіктерін білдірді.