Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Владимир Норов Джозеф Боррелмен келіссөздер жүргізді
11:31 / 2022-09-07

2022 жылғы 6 қыркүйекте Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Владимир Норов бастаған делегация Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі, Еуропалық комиссияның вице-президенті Джозеп Боррелмен кездесті.

Кездесуде Өзбекстан-Еуропа ынтымақтастығының өзекті мәселелері, оларды одан әрі жандандыру және практикалық мазмұнмен байыту мәселелері талқыланды.

Екіжақты және өңіраралық ынтымақтастықтың саяси, құқықтық, сауда-экономикалық, қаржылық-техникалық, әсіресе институционалдық тетіктерін тиімді пайдалану арқылы өзара қарым-қатынастарды одан әрі кеңейту үшін айтарлықтай әлеует бар екені атап өтілді.

Тараптар ағымдағы жылдың 6 шілдесінде Брюссельде ресми қол қою алдында келісілген (бастапқы) Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісім бойынша келіссөздер процесінің сәтті аяқталуын құптады.

Еуропалық тарап Өзбекстанның Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, аймақта достық пен тату көршілік атмосферасын қалыптастыру жөніндегі күш-жігерін қолдайтынын білдірді.

Болашақ екіжақты және көпжақты іс-шараларға тыңғылықты және сапалы дайындық туралы келісімге қол жеткізілді. Еуропалық дипломатияның басшысы осы жылдың 17-18 қарашасында Самарқандта өтетін «ЕО-Орталық Азия» министрлер кездесуіне, сондай-ақ «ЕО-Орталық Азияның өзара тәуелділігі: тұрақты дамудың жаһандық қақпа» тақырыбындағы конференцияға жеке қатысуға дайын екенін растады. 

Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкіліне Өзбекстан Республикасының Негізгі Заңына енгізілетін «Адам – Қоғам – Мемлекет» және «Адамның қадір-қасиеті мен құндылығы» идеясын ілгерілетуге бағытталған өзгерістердің мәні мен мазмұны туралы толық ақпарат берілді.

Конституцияға енгiзiлетiн түзетулер ең алдымен жаңа Өзбекстанды құруға бағытталғаны, онда адам құқықтары мен абыройын қорғау, әлеуметтiк қорғау және экономикалық әл-ауқаттың кепiлдiктерi басты заң деңгейiнде күшейтiлетiнi атап өтілді.