English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Владимир Норов бастаған делегация АҚШ-қа сапармен барады
17:21 / 2022-12-12

2022 жылғы 12-14 желтоқсанда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Владимир Норов бастаған делегация Америка Құрама Штаттарына сапармен барады.

СІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, делегация Вашингтонда өтетін Өзбекстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестік диалогының екінші отырысына қатысады.

Сапар аясында Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Владимир Норов АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен және АҚШ-тың басқа да ресми өкілдерімен келіссөздер жүргізеді, делінген хабарламада.