Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Владимир Норов АҚШ конгрессмендерімен келіссөз жүргізді
13:32 / 2022-08-22

2022 жылғы 22 тамызда Өзбекстан Сыртқы істер министрінің м.а. Владимир Норов АҚШ конгрессмендері Трент Келли мен Дарин Лахуд бастаған Өкілдер палатасының делегациясын қабылдады.

Кездесу барысында Өзбекстан-Америка қарым-қатынастарының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары жөнінде пікір алмасылды.

Парламентаралық байланыстарды кеңейтуге, саяси, сауда-инвестициялық, академиялық және мәдени-гуманитарлық салаларда екі мемлекет деңгейінде де, конгрессмендер қатысқан Миссисипи және Иллинойс штаттарымен де диалогты тереңдетуге ерекше назар аударылды.

Конгресс өкілдер палатасындағы «Өзбекстан бойынша кокус» қызметі талқыланды. Кокус құрамы Өзбекстанмен стратегиялық серіктестікті жүйелі түрде дамытуды толық қолдайтын болашағы зор америкалық заң шығарушылардың есебінен кеңейіп жатқаны атап өтілді.

Сондай-ақ, екіжақты сауда-инвестициялық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқаны айтылып, Конгрессмендер Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық реформаларды қолдау шараларын қабылдауға дайын екендіктерін білдірді.

Ауғанстан мәселесі бойынша пікір алмасылды. Тараптар осы елдегі күрделі гуманитарлық жағдайдың алдын алу мақсатында ынтымақтастыққа дайын екендіктерін мәлімдеді.

Кездесуде екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелері, сондай-ақ елдедің халықаралық ұйымдар аясындағы қарым-қатынастары талқыланды, делінген СІМ хабарламасында.