Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ВКонтакте, Twitter және WeChat әлеуметтік желілері Өзбекстан заңын бұзуда
12:26 / 2021-05-31

ВКонтакте, Twitter және WeChat әлеуметтік желілері Өзбекстан азаматтарының жеке деректерін ел заңында көрсетілген талаптарын бұза отырып өңдеуде.

«Узкомназорат» инспекциясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жыл мамыр айында құзыретті мемлекеттік органдар жүргізген мониторинг нәтижесінде Mail.ru Group-тің «Вконтакте», Twitter Inc-тің «Twitter» және Tencent-Inc-тің «WeChat» әлеуметтік желілері Өзбекстан Республикасы азаматтарының жеке басы туралы мәліметтерін «Жеке мәліметтер туралы» Заңның 27-1 бабының талаптарын бұза отырып өңделгені анықталды.

Осыған байланысты «Узкомназорат» инспекциясы Mail.ru Group, Twitter Inc, Tencent-Inc компанияларына Өзбекстан Республикасы азаматтарының жеке басы туралы мәліметтерін «Жеке мәліметтер туралы» Заңның 27-1 бабында көрсетілге талаптарды сақтау бойынша шаралар қабылдауды тапсырған.

Бұған дейін 16 мамырда осы ереженің орындалуы жайлы «Олий Мажлис» заң шығару палатасының инновациялық даму, ақпараттық саясат және ақпараттық технологиялар комитетінің отырысында зерттелген болып, «Бұл әлеуметтік желілер мен интернет компаниялар Өзбекстанда заңды түрде жұмыс жасағысы келсе, олар өздерінің жабдықтарын Өзбекстан аумағына орналастыруы керек, олай болмаған жағадайда белгіленген тәртіпке орай әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін», - делінген комитет хабарламасында.