Вильнюста Boeing жүк ұшағы апатқа ұшырады
DHL компаниясына тиесілі Boeing 737-400 жүк ұшағы Вильнюс әуежайы маңында апатқа ұшырады.
Delfi басылымының хабарлауынша, ұшақ екі қабатты үйдің үстіне құлаған.
Оқиға әуежай маңындағы аумақта болған. Ұшақ құлаған ғимаратта қатты өрт шыққан.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ұшақ бортында екі ұшқыш пен компанияның екі қызметкері болған.
Апат салдарынан борттағы бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алған. Сондай-ақ ұшақ құлаған үйдің тұрғындары зардап шекпегені белгілі болды.
Қазіргі уақытта апаттың себебі анықталуда.