Вилли Саньоль 2006 жылғы ӘЧ финалынан кейін 2 жыл Зиданмен сөйлеспегенін айтты
Ойыннан кейін киім ауыстыру бөлмесінде болып 10 минутта 250 дана сигарет шегіп өзін жұбатқан екен
Францияның бұрынғы қорғаушысы Вилли Саньоль 2006 жылғы әлем чемпионаты кездесуінен кейін екі жыл бойы өзінің бұрынғы командаласы Зинедин Зиданмен сөйлеспегені жайлы ақиқаттың бетін ашты.
Бұған басты себеп Зидан сол ойында италиялық қорғаушы Марко Матераццидің көкірегіне баспен соға құлатып алаңнан қуылғаны болған. Ол бұл кездесуді былай баяндайды:
«Осы кездесуден менде ең жарқын және өте жаман естеліктер қалған. Ең алдымен біздер Зиданның қаншалықты тәуекелге барып тепкен пеналтиінен өте қатты қуанған едік. «Паненко» әдісімен тебуге үлкен жүрек керек. Ол гол соқты және мен бақытты едім. Алайда ойыннан кейін түрлі аралас эмоциялар қоршауында қалып кеткенім, киім ауыстыру бөлмесінде футболшылардан кешірім сұрап тұрған жігіттке көзім түсті. Бірақ оның сөзін есітуге сенде ықылас жоқ. Өйткені одан көңілім қалғантын. Оның сөзінде, кешірімінде тыңдауды қаламадым. Себебі ол кез мұнын орны емес еді. Мен әжетханаға бардым да он минут ішінде 250 дана сигаретті шегіп жібердім. Осылай өзімді жұбаттым. Зидан екеуіміз дерлік екі жыл мүлдем араласпай кеттік. 2008 жыл Еуропа чемпионатынан кейін үйлендім. Жолдасым тойға оны шақыруымды сұрады. Мен оған қоңырау соқтым. Зидан тойға жетіп келалмады. Бірақ ертеңіне бірге отырып түскі ас үстінде рахаттана әнгіме айттық. Міне осылай біздің өміріміз қайта жалғасып кетті.», деп еске алады Вилли.
2006 жыл Берлиндегі «Олимпиада» алаңында 69 мың жанкүйерлер айқайымен өткен кездесуде Зидан ойындағы өрескел қопалдығы үшін қызыл қағаз алып ойыннан қуылғаны, арадан қанша уақыт өтседе ешкімнің жадынан шыққан емес. Ал ойындағы Италияның пеналтилер сериясында жеңіске жеткенін көпшілік осы оқиға арқылы есіне түсіреді. Тіпті интернет беттерінде осы ойын жайында жаза қалсаңыз ең алғашқы көрініс Зиданның италияндық қорғаушыны бас пен соғып құлатқан картинасы жылт ете қалатынын қайтерсің.