French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
VI «БРИКС» ойындары басталды
13:42 / 2024-06-13

Ресей Федерациясының Қазан қаласында VI «БРИКС» ойындарының ашылу салтанаты өтті.

Қазан қаласындағы Халықаралық Экспо орталығында ұйымдастырылған ашылу салтанатына ойындарға қатысатын 90 елдің спорттық делегацияларымен бірге Өзбекстан өкілдері де қатысты.

Дәстүр бойынша салтанатты шарада 90-нан астам елден келген спортшылардың шеруі өтті. Түрлі-түсті киімдер көрсетілімінде Татарстан Республикасының ән-би ансамблі, белгілі өнер майталмандары, танымал музыка және би ансамбльдері өздерінің өнерін паш етті.

Бүгін 13 маусымнан бастап VI «БРИКС» ойындарының бағдарламасына енгізілген спорт түрлерінен алғашқы жарыстар ұйымдастырылады.

24 маусымға дейін жалғасатын VI халықаралық «БРИКС» спорттық ойындары Қазан қаласындағы 18 спорт нысанында өтеді.

13 күнге созылатын БРИКС жарыстарында Өзбекстанның 250-ден астам спортшысы қатысады. Ойындар барысында 90 елден 4500-ден астам спортшы жалпы саны 389 медаль үшін бақ сынайды.