Вьетнамда коронавирустың гибридті штамы табылды
Вьетнамның Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың қолданыстағы британдық және үнді штамдарының сипаттамалары бар жаңа нұсқасы табылғандығы туралы хабарлады7
VnExpress-тің мәліметінше, Вьетнамның денсаулық сақтау министрі Нгуен Тхань Лонг бірнеше пациенттерге жүргізілген анализдердің генетикалық реттілігі бірден коронавирустың екі кең таралған нұсқасының бар екендігін анықтады деп айтты.
Коронавирустың вьетнамдық гибридті штамы әлдеқайда жұқпалы болып, ауамен оңай таралатыны және елде тіркелген жаңа аурудың санының тез өсуіне себеп болып отыр, делінген хабарламада.