Венгрияның Өзбекстандағы жаңа елшісі тағайындалды
2023 жыл 25 қыркүйекте Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Венгрияның Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалған Йозеф Рожадан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдап алды.
СІМ мәліметінше, министр Елшіні осы жоғары лауазымға тағайындалуымен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Сұхбат барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың басымдықтары мен жақын болашаққа арналған жоспарларды талқылағаны айтылады хабарламада.