Венгрияның тұңғыш әйел президенті қызметіне кірісті
Венгрия президенті лауазымына сайланған тұңғыш әйел Каталин Новак өз міндетін атқаруға кірісті.
ТАСС порталының хабарлауынша, экс-президент Янош Адер оған ел президентінің ресми резиденциясы – Шандор сарайының кілтін тапсырды.
Наурыз айында Венгрияның Ұлттық ассамблеясы өз отырысында премьер-министр Виктор Орбан «Фидес» жетекшілігімен билеуші партия төрағасының орынбасары, отбасы істері, жастар және халықаралық байланыстар министрі Каталин Новакты жаңа президент етіп сайлаған болатын. Ол осы лауазымдағы алғашқы әйел азамат болды.
"Бүгін таңертең Янош Адерден Шандор сарайының кілтін алдым. Әрбір венгр маған сене алады, мен де әрбір венгрге сенемін. Қызметіңіз үшін рахмет, президент мырза", - деп жазған Каталин Новак Twitter парақшасында.