Венгрияның «Kiss Group» компаниясы Жызақта жылына 200 мың тонна күкүнбағыс тұқымын өңдеуге арналған инвестициялық жобаны жүзеге асырады.
«Dunyo» агенттігінің мәліметінше, «BMB Trade Group» пен «Kiss Group» (Венгрия) компаниялары арасында Жызақта күнбағыс майын өндіруді ұйымдастыру бойынша инвестициялық келісімге жасалған. Жобаның жалпы құны 90 млн еуродан асады. Оның 52 миллион еуросы тікелей шетелдік инвестиция.
Діл қазіргі кезде Өзбекстан халқының өсімдік майына деген жылдық қажеттілігі 475 мың тоннаны құрайды. Май өндірумен айналысатын компаниялар жылына 259 мың тонна өсімдік майын өндіреді. Яғни, сұраныстың 55 пайызын жергілікті өндірушілер жеткізсе, ішкі сұраныстың 45 пайызын импорт қанағаттандыруда.
Еске салар болсақ, 24 сәуірде Сенаттың он төртінші жалпы отырысында ішкі нарықта өсімдік майы бағасының күрт өсуіне жол бермеу үшін сенаторлар Салық кодексіне өзгертулер енгізді. Оған сәйкес 2021 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін өсімдік майын, күнбағыс пен зығыр тұқымын елге әкелу, өсімдік майын өндіру және (немесе) сату бойынша айналым қосылған құн салығынан босату туралы заң мақұлданды.