Венгрия сыртқы істер министрі Ташкентке келеді
Венгрия делегациясы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысына және Өзбекстан - Венгрия бизнес-форумына қатысады
Осы жылдың 18 ақпаны күні Венгрияның Сыртқы экономикалық байланыстары және сыртқы істер министрі Петер Сийярто бастаған делегаттар жұмыс сапарымен Ташкентке келеді.
Өзбекстан СІМ хабарында, атаулы сапар бағдарламасында Сыртқы істер, Энергетика, Инвестициялар және сыртқы сауда министрліктері мен басқа да агенттіктерде екіжақты келіссөздер өткізу жоспарланған.
Сондай-ақ, Венгрия делегациясы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысына және Өзбекстан - Венгрия бизнес-форумына қатысады.