2023 жыл 9 ақпанда Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а7 Бахтияр Саидов пен Венгрияның Сыртқы істер және сауда министрі Петер Сиярто арасында кездесу өтті.
Екі елдің СІМ басшылары Өзбекстан-Венгрия күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, жоғары деңгейдегі келіссөздер аясында қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асырылу барысын қарастырды.
Министрлер экономикалық дипломатияны белсенді ілгерілетудің, сауда көлемін арттыру мен әртараптандырудың, фармацевтика, инновация, ауыл шаруашылығы, машина жасау, тоқыма өнеркәсібі, энергетика және т.б. салалардағы бірлескен жобалар мен бағдарламаларды іске асыру бойынша бірлескен шараларды жалғастырудың маңыздылығы туралы келісті.
Сыртқы істер министрліктері арасында тұрақты түрде екіжақты консультациялар ұйымдастыру қажет екені айтылды.
Тараптар Өзбекстан мен Венгрияның халықаралық ұйымдар мен қаржы институттары аясындағы өзара ынтымақтастығы мәселелерін сөз етіп, парламентаралық диалогты нығайту, туризм саласындағы қарым-қатынасты тереңдету, ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейту жөнінде пікір алмасты.