Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Венгрия СІМ басшысы Ташкентке сапармен келді
12:03 / 2020-07-16

Осы сапар аясында бүгін Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Венгрия СІМ басшысы Петер Сийяртомен кездесу өткізді


Венгрияның сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийярто бастаған делегация Ташкентке үш күндік сапармен келді.

Осы сапар аясында бүгін Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Венгрия СІМ басшысы Петер Сийяртомен кездесу өткізді.

Кездесу барысында екі тараптық саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы, халықаралық және аймақтық ұйымдар аясындағы өзбек-мажар қатынастарының болашағы туралы пікір алмасылып, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтің Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбанмен 2019 жылдың қазан айында Бакудегі Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі аясында өткен екіжақты кездесуі барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалуына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар министрлер әр түрлі деңгейдегі болашақ іс-шаралардың кестесін қарап, сыртқы істер министрліктері арасындағы екіжақты кездесулердің нақты күн тәртібі мен ұйымдастырушылық аспектілерін әзірлеу үшін консультациялардың келесі раундын өткізу қажеттілігін айтып, кездесу соңында ӨР Сыртқы істер министрлігі мен Венгрияның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігі арасында дипломатиялық дайындық және ақпарат пен құжаттар алмасу саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, делінген Өзбекстан СІМ хабарында.

3_1.jpg