29-31 наурыз күндері аралығында Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбан Өзбекстанға ресми сапармен келеді.
Алдағы өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздерде саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржылық-техникалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің болашағы талқыланып, халықаралық саясат пен аймақтық ынтымақтастық туралы пікір алмасу болады.
Сапар аясында Өзбекстан мен Венгрияның жетекші компаниялары өкілдерінің қатысуымен өзбек-венгр іскерлік кеңесінің бірінші отырысы өтуі жоспарланған.
Премьер-Министр Виктор Орбан сапар бағдарламасына сәйкес елдегі ғылыми және тарихи орындарды аралайды.
Сапар қорытындысына орай экономика, энергетика, білім беру және кадрлар даярлау, мәдениет, өңіраралық ынтымақтастық, жұмыспен қамту және еңбек қатынастары салаларында екі жақты қатынастарды одан әрі кеңейту туралы келісімдерге қол қойылады деп күтілуде.