Венгрия Премьер-Министрі Ташкентке келді
29 наурызда Венгрия Премьер-Министрі Виктор Орбан Өзбекстанға ресми сапармен келді.
Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайында жоғары мәртебелі мейман мен оның жұбайын Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов қарсы алды.
[gallery-1799]
Сапар аясында Өзбекстан мен Венгрияның жетекші компаниялары өкілдерінің қатысуымен өзбек-венгр іскерлік кеңесінің бірінші отырысы өтуі жоспарланған және экономика, энергетика, білім беру және кадрлар даярлау, мәдениет, өңіраралық ынтымақтастық, жұмыспен қамту және еңбек қатынастары салаларында екі жақты қатынастарды одан әрі кеңейту туралы келісімдерге қол қойылады деп күтілуде.