Венгрия мәнерлеп сырғанаудан Еуропа чемпионатын өткізуден бас тартқанын мәлімдеді
Венгрия ұлттық конькимен сырғанау қауымдастығы (MOKSZ) 2024 жылы мәнерлеп сырғанаудан Еуропа чемпионатын өткізбейтінін хабарлады.
«Көрші елдегі ұзаққа созылған соғыс қимылдарына, қақтығыстың экономикаға және энергия бағасына әсер етуіне байланысты MOKSZ ұзақ талқылаулардан кейін мәнерлеп сырғанаудан 2024 жылғы Еуропа чемпионатын ұйымдастырудан бас тартады», делінген ұйымның ресми сайтында.