Венгрия COVID-19-ға қарсы ресейлік вакцинаны сатып алудан бас тартты
Венгрия коронавирусқа қарсы Ресейің «Спутник V» вакцинаны сатып алудан бас тартты.
Ел премьер-министрі Виктор Орбан әкімшілігінің жетекшісі Гергей Гуляштің сөзіне қарағанда, Венгрия «Спутник V» препаратының сынақтарына қатысуға қуанышты екенін айтып, бірақ вакцинаны ауқымды сатып алу Қытайдан немесе Еуропалық Одақ механизмі арқылы жүзеге асырылатынын білдірген.
Ресейлік вакцинаны сатып алмаудың себебі ретінде «өндірістік қуаты жеткіліксіз» болғандықтан делінген, хабарламада.