Венесуэланың сайлау комиссиясы жексенбі күні өткен президенттік сайлауда қазіргі президент Николас Мадуроның жеңіске жеткенін хабарлады.
Мадуро мен оның Венесуэланың Біріккен Социалистік партиясы бақылайтын Ұлттық сайлау кеңесі бюллетеньдердің 80 пайызы саналып болғаннан кейін қазіргі президент 51,2 пайыз, ал оппозицияның біріккен кандидаты Эдмундо Гонсалес 44 пайыз дауыс жинағанын мәлімдеді.
Reutersс агенттігінің хабарлауынша, оппозиция дауыс беру кезінде заң бұзушылық болды деп, нәтижеге қарсы шығуды жоспарлап отыр.
Оппозиция белсенділерінің айтуынша, жәшіктердің 30 пайызы ғана тіркелген, ал сайлау органы учаскелер туралы ақпаратты бірден жарияламаған. Сонымен қатар, іс-шараның алдындағы көптеген сауалнамалар оппозицияның сайлауда жеңіске жетуі мүмкін екенін көрсеткен.
Бұл жағдайға қатысты, Аргентина басшысы Хавьер Милей елі Николас Мадуроның жеңісін мойындамайтынын мәлімдеген. Чили Сыртқы істер министрлігі Венесуэладағы президент сайлауының нәтижесін халықаралық бақылаушылар бағаламайынша мойындамайтынын жеткізген.