Венесуэланың солтүстігіндегі Лас-Тежериас қаласында толассыз жауған нөсер жауын салдарынан кем дегенде 36 адам қаза тауып, 56 адам із-түзсіз жоғалды.
RTVE телеарнасының хабарлауынша, толассыз жауған жаңбырдың салдарынан өзендердегі су деңгейі көтеріліп, көшкін мен су тасқынына әкеп соқты. Нәьтижесінде ағын су үйлер мен көше жиһаздарын шайып, жолындағы барлық нәрсені қиратқан және егін алқаптарына зақым келген.
Венесуэла президенті Николас Мадуро твиттерде үкіметтің құтқарушыларды, азаматтық қауіпсіздікті, техникалық қызмет көрсету және тазалау топтарын және әртүрлі мекеме қызметкерлерін «адамдарға жан-жақты қамқорлық жасау үшін» орналастырғанын айтты. Баспанасынан айырылған адамдар үшін билік уақытша орналастыру орталықтарын ашпақ.
Осы қайғылы оқиғадан кейін елде үш күндік аза тұту күні жарияланды.
Лас-Техериас қаласында 317 үй толығымен қирап, тағы 750 үйге қатты зиян көрген.
Венесуэлада соңғы екі аптада толассыз жауған жаңбыр салдарынан жалпы 42 адам қаза тапты.