English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Венесуэлада сыбайлас жемқорлық бойынша 51 азамат ұсталды
13:57 / 2023-04-06

Венесуэла билігі жүргізген сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу аясында ұсталғандар саны 51-ге жетті.

«Ұсталғандардың саны 51-ге дейін өсті. Мүмкін, жаңа қамауға алынатындар болады, өйткені тергеу барысында біз осы қылмыскерлердің бірнешеуін жауапқа тарттық, олар жаңа филиалдар туралы мәліметтерді айтып, мойындады», - деген Венесуэла бас прокуроры Тарек Уильям Сааб баспасөз мәслихатында. 

Сааб сонымен қатар PDVSA мемлекеттік мұнай-газ компаниясы мен крипто активтер басқармасына қатысты тергеу аясында 34 адамның ұсталғанын айтқан.

Наурыз айының ортасында Венесуэла Бас прокуратурасы бірқатар мемлекеттік қызметкерлер қамауға алынғаннан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу басталғанын мәлімдеген болатын. Бұл ретте ел президенті Николас Мадуро елдің мұнай министрі Тарек әл-Айсамидің отставкасын қабылдап, PDVSA-ны жемқорлықтан тазартуға уәде берген еді.