Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Венесуэлада әскери ұшақ апатқа ұшырады
09:24 / 2022-06-20

Венесуэла әуе күштерінің шабуылдаушы K-8W Karakorum ұшағы Сулия штатында құлады.

Nacional басылымының мәліметінше, апат кезінде бортта екі ұшқыш болған, қазірде олар дін аман.

«Венесуэла әуе күштерінің ұшағы сенбі күні Ла Чинита халықаралық әуежайының маңында апатқа ұшырады», делінген хабарда.

Венесуэла қарулы күштері мен билігі ұшақ апаты туралы ресми ақпарат бермеген. Әзірге оқиғаның басқа мәліметтері туралы хабар жоқ.

2010 жылы Венесуэла армиясы оқу-жаттығу мақсатында Пәкістан мен Қытай бірлесіп жасаған дәл осындай 24 ұшақты сатып алған болатын.