Велотрек бойынша Сергей Ростовцев Өзбекстанға алтын медаль сыйлады
Малайзияның Нилай қаласында велотрек бойынша «ASEAN Track Series» жарысы басталды. Ерлер арасындағы бәсекенің алғашқы күнінде Олимпиада бағдарламасына кіретін бағыттардың бірі — «омниум» сайысы өз мәресіне жетті.
Өзбекстан ұлттық құрамасы сапында тұңғыш рет өнер көрсеткен Сергей Ростовцев барлық қарсыласынан озып, жеңіс тұғырынан көрінді.
Бұл жеңіс арқылы Сергей Ростовцев жаңа маусымды өзбек велоспорты үшін жоғары рухта бастап берді. Сонымен қатар аталған нәтиже спортшының алдағы әлем чемпионатына қатысуына жол ашатын маңызды қадам саналады.
Айта кетейік, велотректегі «омниум» бағдарламасы ең күрделі әрі беделді бағыттардың бірі болып есептеледі. Бұл сында жеңіске жету үшін спортшыдан жоғары деңгейдегі төзімділік, тактикалық шеберлік және жылдам ойлау қабілеті талап етіледі.