Губернатор премьер-министр өкілеттіктеріне ие болады және Папа Римнің атынан Ватиканды басқарады.
Рим Папасы Франциск наурыз айынан бастап монах Рафаэлла Петриниді Ватикан губернаторы етіп тағайындайтынын хабарлады. Ол осы лауазымды атқаратын алғашқы әйел
Рим Папасы Италияның Nove телеарнасында эфирге шыққан бағдарламасында өзінің жоспарын білдірді. Рафаэлла Петрини 2021 жылдан бері Ватикан қаласы мемлекеттік губернаторлығының бас хатшысы қызметін атқарып келеді.
«Әйелдер бізден әлдеқайда жақсы атқарады», - деп атап өтті Франциск, Ватиканда әйелдерге берілген міндеттер туралы сөз қозғағанда.
55 жасар Петрини 2021 жылдан бері осы қызметте қызмет етіп келе жатқан 79 жасар кардинал Фернандо Верджес Алсаганның орнын басады.
Губернаторлық лауазымын атқаратын тұлға шын мәнінде мемлекеттік үкімет басшысы және премьер-министр өкілеттіктеріне ие болады, сондай-ақ Рим Папасының атынан Ватиканды басқарады.