Ватикан Рим Папасының пневмониямен ауырмағанын мәлімдеді
Рим Папасы Франциск көктамыр ішіне антибиотиктермен емделуде, бірақ пневмония диагнозы қойылған жоқ.
Бұл туралы журналистерге Қасиетті тақтың баспасөз қызметінің жетекшісі Маттео Бруни айтты.
«Зерттеудің нәтижелері пневмонияны жоққа шығарды, бірақ тыныс алудың қиындауына әкелетін қабыну процесі анықталды. Терапияны тиімді болуы үшін Рим Папасы Франциск көктамыр ішіне антибиотиктермен емделуде», - деген Бруни
Белгілі болғандай, понтификтің жағдайы қанағаттанарлық, қызуы жоқ, тыныс алу жағдайы жақсаруда, алайда оның кестесіндегі кейбір жоспарланған шаралар кейінге шегерілген.