Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Вашингтондағы тәртіпсіздіктен кейін Трамптың әлеуметтік желі парқшалары блокталды
11:15 / 2021-01-07

АҚШ астанасы Вашингтондағы қазіргі президент Дональд Трамптың жақтастары бастаған тәртіпсіздіктен кейін Facebook, Instagram, Twitter және Youtube Трамптың аккаунтын блокта қойды.

Онда айтылуынша, Facebook пен Instagram 24 сағатқа, Twitter 12 сағатқа дейін желіде Трамптың мүмкіндігіне шектеу қойған. Егер дәл осындай тәртіпсіздік қайталанған жағдайда АҚШ президентінің парақшалары түгелдей жойылатынын ескертілген. 

Жоғарыдағы әлеуметтік желілер қатарында Youtube-те Трамптың Капитолий атырабында болып тұрған жақтастарына жолдаған видеоүндеуін көрсетуді шектеп, оны желі талаптарына қайшы деп тапқан. 

6 қаңтарда Трамптың жақтастары Вашингтондағы президенттік сайлаудың нәтижелері туралы Конгресстік тыңдау өтіп жатқан Капитолий ғимаратына шабуыл жасаған. Осы жағдайдан кейін заң шығарушыларды ғимараттан эвакуациялау жүріп, тәртіпсіздік кезінде бір әйел ереуілші қаза тапқаны хабарланды.

Жаппай тәртіпсіздік алдында Дональд Трамп Вашингтонда «Американы құтқару маршы» манифесін өткізіп, мыңдаған жақтастарының алдында өзінің сайлауда жеңілгенін мойындамайтынын, мұнда дауыс ұрлау болғанын айтып, митингке келгендерді Капитолий ғимаратына барып, наразылық білдіруге шақырған.