Вашингтондағы мектепте атыс болды
АҚШ-тың Вашингтон қаласындағы орта мектептің жанында атыс болды.
Полиция хабарынша, атыс салдарынан 17 жастағы оқушы оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілген.
«Алғашқы ақпарат бойынша, оқ мектеп ғимаратының ішіндегі оқушыға тиген», - делінген хабарламада.
Баспасөз мәслихатында құқық қорғау органының қызметкері куәгерлер бірнеше оқ атылғанын естігенін айтты. Бірнеше топ арасында атыс болғаны хабарланды. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Бұған дейін Солтүстік Каролинадағы атыстан кейін АҚШ президенті Джо Байден Конгрессті қару-жараққа бақылауды күшейту бойынша заңнамалық бастамаларды жүзеге асыруға шақырған.