Вашингтонда АҚШ пен Сирия президенттері кездесті
Ақ үйде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Сирия басшысы Ахмед аш-Шарааның кездесуі өтті.
«Anadolu» ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, екі ел басшылары арасындағы әңгіме бір жарым сағатқа созылған.
Шетелдік басылымдардың жазуынша, кездесуде Сирияға қатысты санкцияларды жоюдан бастап, аймақтық мәселелерге дейінгі көптеген өзекті тақырыптар талқыланған.

Айта кетерлігі, бұл кездесу АҚШ басшысы мен Сирия көшбасшысының Ақ үйдегі алғашқы кездесуі ретінде тарихта қалды.