Варшавада Өзбекстан-Польша бизнес форумы өтеді
Өзбекстан елшілігінде Мазовецк воеводствосы Маршалының экономика және сыртқы ынтымақтастық жөніндегі басқармасы директорының орынбасары Александра Ханзелмен кездесу өтті.
«Dunyo» хабарынша, диалог барысында Өзбекстанның іскер топтары делегациясының Польшаға сапары аясында өтетін бірлескен бизнес-форумға дайындық мәселелері талқыланды.
Форумда Өзбекстанға экономикалық ынтымақтастық пен инвестиция тартудың практикалық мүмкіндіктері талқыланады деп күтілуде.
Александра Ханзелдің айтуынша, поляк тарапы бизнес-форумға тыңғылықты дайындалуда. Қазіргі уақытта бизнес-форумға қатысу үшін 128 поляк және шетелдік компания тіркелген.